Коточигов кәсіпқой бокстағы 12-жеңісіне қол жеткізді
Алматыда MTK Kazakhstan промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.
Кештің негізгі жекпе-жегінде Parimatch букмекерлік кеңсесінің бренд елшісі Виктор Коточигов (11-0, 4 КО) беларусьтік боксшы Андрей Исаевпен (30-17, 9 КО) жұдырықтасты.
Жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды. Исаев кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Виктор 12 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетті.
Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі -<span> </span>Parimatch букмекерлік компаниясы.
Естеріңізге сала кетейік, бокс кешінің ресми серіктесі -<span> </span>UNDERDOG спорт агенттігі.
UNDERDOG.kz спорт агенттігі 2019 жылы құрылды. Агенттіктің мақсаты спортқа инвестициялар тарту, жеке брендтерді басқару, сонымен қатар спорттық маркетинг. NDRG бүгінгі таңда ММА, бокс және футбол саласында жұмыс істейді.
