Али Балоев мансабындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді
Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық үздік боксшылардың бірі Али Балоев (10-0) Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оңтүстік астанада 27 жастағы Балоев беларусь боксшысы Юрий Быховцевпен (10-20-3, 5 КО) кездесті. 90,7 келі салмақтағы жекпе-жек жоспарланған сегіз раундтың аяғына дейін созылып, төрешілер шешімімен Балоевтың жеңісімен аяқталды - 80:72, 80:72, 80:72.
Қазақстандық боксшы мансабындағы оныншы жеңісін тойлады. Төрт мәрте қарсыластарын нокаутпен жеңген. Балоев рингке соңғы рет өткен жылдың шілдесінде, Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде шығып, онда да сәтті өнер көрсеткен еді.
Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или