Алматыдағы бокс кешінде Рай Сейітжанов Талғат Бертілеуовті жеңді

Алматыдағы бокс кешінде Рай Сейітжанов Талғат Бертілеуовті жеңді

Алматыда MTK Kazakhstan Fight Night бокс кеші өтіп жатыр. Қазақстандық Рай Сейтжанов (2-0-0) пен Талғат Бертілеуов (0-1) рингте кездесті, деп хабарлайды Prospots.kz.

Екі боксшы жартылай орта салмақ дәрежесінде (66,6 келі) бақ сынайды. Жекпе-жек алты раундқа созылды. Рай Сейтжанов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Али Балоев (9-0, 7 КО) және Виктор Коточигов сияқты келешегі зор боксшылар алдағы кеште өнер көрсетеді. Оңтүстік астанада Балоев беларусь боксшысы Юрий Быховцевпен (10-19-3, 5 КО) кездеседі.

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или