МТК Kazakhstan ұйымдастыратын Алматыдағы бокс кешінің кестесіне өзгеріс енгізілді

МТК Kazakhstan ұйымдастыратын Алматыдағы бокс кешінің кестесіне өзгеріс енгізілді

Алматыда көптен күткен бокс кешінде бірқатар өзгерістер болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өкінішке қарай, Өзбекстан боксшылары - Хусан Юлдашев, Бахром Паязов және Шавкат Халиловтың қатысуымен болатын жекпе-жектер өткізілмейді. Шекарадан өту кезінде туындаған қиындықтарға байланысты көршілеріміз Алматыға келе алмады.

Алайда негізгі жекпе-жектерге қауіп төніп тұрған жоқ. Еске сала кетейік, МТК Kazakhstan бокс кешінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен Иса Ақбербаев кездеседі.

Жеңіл салмақтағы Виктор Коточигов (Қазақстан) мен Андрей Исаев (Беларусь) турнирдің негізгі жекпе-жегінде қолғап түйістіреді.

Алматыдағы MTK Kazakhstan бокс кеші UNDERDOG спорт агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шара Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или