Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Фируза Шарипованы жеңісімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 тамызда өзінің Twitter-дегі парақшасында боксшы Фируза Шарипованы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz. Красная весна сайтына сілтеме жасап
«Мен тамаша спортшы Фируза Шарипованы IBA әлем чемпионы атағы үшін күрестегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Сізге одан әрі табыстар тілеймін!» - деп жазды мемлекет басшысы.
Қазақстандық спортшы өз титулын бір күн бұрын Қазанда өткен бокс турнирінде cәтті қорғады. Шарипова алғашқы жартылай орта салмақ дәрежесінде танзаниялық боксшы Хэппи Даудимен жұдырықтасқан еді.
Ережеге сәйкес, жекпе-жек екі минуттан он раундқа құрылған болатын. Алайда қазақстандық бесінші раундта-ақ қарсыласын қапы қалдырды.
Айта кетелік, бұл - Шарипованың кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісі.