Мартин Мюррей: «Головкин – орта салмақтағы үздік боксшы»

32 жастағы британиялық Мартин Мюррей қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы кездесу туралы ойын білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Менің тек үздіктермен ғана жұдырықтасқым келеді, ал Головкин – орта салмақтағы үздік боксшы. Бұған дейін үздік саналған Мартинеспен де жұдырықтастым. Мұндай кездесулерден тәжірибем бар. Сондықтан бұл кездесудің мен үшін қиынға түсетінім білемін. Осы сынақты тағатсыздана күтіп жүрмін. Мен үшін бұл – үлкен мүмкіндік», - деді британиялық боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, Мюррей мен Головкиннің кездесуі 21 ақпанда Монако қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или