Алматыдағы бокс кеші: Бір жекпе-жек өтпейтін болды

Алматыдағы бокс кеші: Бір жекпе-жек өтпейтін болды

23 тамызда Алматыда MTK Kazakhstan компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеш аясында өтуі тиіс бір жекпе-жек күшінен қалды. 

Қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО) өзбекстандық Шавкат Халиловпен (7-2, 1 КО) жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді. 

Бұған себеп Халиловтың қазақ-өзбек шекарасынан өтуіне рұқсат берілмеген көрінеді. 

Кештің басты жекпе-жегінде әлем және Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, әуесқой бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев өнер көрсетеді. Оның кәсіпқой рингтегі алғашқы қарсыласы - аса тәжірибелі боксшы Иса Ақбербаев (20-1, 15 КО).

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или