Илья Очкин Екатеринбургтегі бокс кешінде бірінші раундта нокаутқа түсті

Илья Очкин Екатеринбургтегі бокс кешінде бірінші раундта нокаутқа түсті

Қазақстандық боксшы Илья Очкин (6-2, 2 КО) Екатеринбургте өткен бокс кешінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дағыстанның тумасы Магомед Курбанов Очкинді бірінші раундта нокаутқа жіберді (20-0, 12КО).

Бірінші орта салмақтағы айқас он раундқа есептелген еді. Алайда, «Қара арыстан» лақап атымен танымал Магомед сексен секунде ішінде Ильяны жеңіп кетті.

Осылайша Илья Очкин кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісіне ұшырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Екатеринбургтегі бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Станислав Калицкий (10-1, 3 КО) ринг қожайыны Дмитрий Хасиевтен (10-2-2, 3КО) ұтылған еді.

 

Калицкий мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или