Игита боксшы Виктор Коточиговқа сәттілік тіледі
«Қайрат» АФК және футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Лео Игита қазақстандық боксшы Виктор Коточиговты қолдады.
Қазақстандық былғары қолғап шебері 23 тамыз күні Алматыда өтетін бокс кешінде Беларусь спортшысы Андрей Исаевпен жұдырықтасады. Игита боксшыны қолдап, Instagram-парақшасында сәттілік тіледі.
Оның қарсыласы беларусьтік Андрей Исаев (30-17, 9 КО) болады. Беларусь спортшысының соңғы жекпе-жегі 2020 жылдың 1 тамызында өтті. Онда Олег Малиновскийден ұпай санымен ұтылған.
Ал Виктор Коточигов соңғы жекпе-жегін 2019 жылы 16 желтоқсанда Алматыда өткізіп, аргентиналық Хавьер Хосе Клавероны жеңген болатын.
Айта кетейік, аталған бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или