Голубев L'Aquila Challenger турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев халықаралық "L'Aquila challenger" додасында жұптық санат бойынша финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
ATP Challenger кезеңі аясында өтіп жатқан халықаралық теннис турниріне Андрей уругвайлық Ариэл Бехармен бірге ойнауда. Олар жартылай финалда польшалық Карол Дзевецки/Шимон Валков жұбымен кездесті. Нәтижесінде, 6:3, 6:4 ұпайымен Голубев/Бехар жұбы жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или