DAZN жоспарына сәйкес Головкиннің жекпе-жек өткізетін күні белгілі болды

DAZN жоспарына сәйкес Головкиннің жекпе-жек өткізетін күні белгілі болды

ESPN Deportes журналисі Сальвадор Родригестің қолына орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің медиа серіктесі болып табылатын DAZN стримингтік қызметінің жұмыс жоспары тиді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы ақпаратқа сәйкес, Головкиннің кезекті жекпе-жегі осы жылдың қараша айында өтеді, ол IBF титулына міндетті үміткер Камил Шереметамен кездеседі.

Сондай-ақ қыркүйек айында DAZN жұмыс кестесінде Хорхе Линарес - Хавьер Фортуна жекпе-жегі, қазанда Девин Хейни - Юриоркис Гамбоа және Хайме Мунгиа - Туреано Джонсон жекпе-жектері бар.

Фото news.sportbox.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или