Қазақ жанкүйерлеріне жат емес. Еділ Қожамбердиевтің қарсыласы жайлы

Қазақ жанкүйерлеріне жат емес. Еділ Қожамбердиевтің қарсыласы жайлы

24 тамыз күні Алматы төрінде қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев WBC және WBA тұжырымдары бойынша Азия чемпионы атағына таласады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Отандасымызға 32 жастағы өзбек боксшысы Мухутдин Раджапбаев қарсы тұрады. Кәсіпқой рингте ол 12 қарсыласын жеңсе, 7 жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Тағы бір кездесуі тең аяқталған.

Мухутдин Раджапбаев қазақ бокс жанкүйерлеріне таңсық емес. Өткен жылы өзбек былғары қолғап шебері Алматыда өткен кеште Арман Рысбекке қарсы жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіліс тапты. 

Өзбек боксшысы мансабындағы жекпе-жектерінің басым бөлігін соңына дейін жеткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген. Оңақай боксшысы қайтпас қайсар мінезімен танымал. Ешқашан қорғаныстан жұмыс жасап, жабық бокс көрсеткен емес. Барынша көп шабуылдап, қарсыласына ауыр соққыларын дарытуға тырысады. 

Дегенмен Еділ Қожамбердиев қарсыласымен салыстырғанда дене бітімі жағынан үлкен көрінеді. Қазақ боксшысы өзінің осы артықшылығын дұрыс пайдалана білсе керек. 

BoxRec рейтингінде өзбекстандық былғары қолғап шебері 247 орында тұр. Ал елінде Азизбек Абдугофуров пен Рустам Тулагановтан кейін орналасқан.

Айта кетейік, аталған бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или