Рыбакина мен Путинцева Premier 5 Western & Southern Open турнирінде кімдермен ойнайтыны белгілі

Рыбакина мен Путинцева Premier 5 Western & Southern Open турнирінде кімдермен ойнайтыны белгілі

Қазақстанның бірінші және екінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Нью-Йоркте өтетін Премьер-5 Western & Southern Open турнирі басты кезеңінің бірінші раундында кімдермен ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елена Рыбакинаның бірінші раундтағы қарсыласы әлемнің 27-ші ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова болмақ. Естеріңізде болса, қазақстандық теннисші биыл, 11 қаңтарда Шеңжеңдегі турнирдің финалында жеңіліп қалған еді (2: 6, 4: 6).

Юлия Путинцева екінші раундта әлемнің 36-ракеткасы қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі. Қазақстандық өзінің WTA рейтингісіндегі көршісімен  (Путинцева 33-орында) бұған дейін екі рет ойнап, екі рет жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или