Елеусінов титулды жекпе-жек алдында медициналық тексерістен өтті
Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) медициналық тексерістен сәтті өтіп, Қазақстан уақытымен 21 тамыздан 22 тамызға қараған түні өтетін бокс кешіне қатысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы спортшы инстаграм желісінде мәлімдеді.
Аталған кеште Елеусінов мексикалық боксшы <span>Хуан Карлос Рэйгоспен жұдырықтасады. </span>
Айта кетейік, Елеусінов пен <span>Рэйгос</span> арасындағы жекпе-жек 16 тамызда Мексиканың Гвадалахара қаласында өтуі керек еді. Алайда, адамдар көп жиналып, коронавирус таралу қаупі жоғарылағандықтан, бокс кеші кейінге шегерілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или