Нұртас Әжбенов рингке сегіз жыл бойы шықпаған өзбекстандық боксшымен жұдырықтасады

Нұртас Әжбенов рингке сегіз жыл бойы шықпаған өзбекстандық боксшымен жұдырықтасады

MTK Kazakhstan менеджерлік компаниясы 23 тамыз күні Алматыда өтетін бокс кеші аясындағы тағы бір жекпе-жек туралы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов (9-0, 4 КО) 28 жастағы өзбекстандық Шавкат Халиловпен (7-2, 1 КО) жұдырықтасады.

Boxrec.com бокс статистикасы порталының мәліметінше, Халилов соңғы жекпе-жегін 2012 жылдың мамыр айында Ташкентте өткізген. Сол кездесуде Халилов өзінің отандасы Рустам Абдурасуловтан (7-1-2, 5 КО) жеңіліс тапқан.

Нұртас Әжбенов болса, соңғы рет биыл, 6 наурызда Дубайда (БАӘ) филиппиндік Джей-Ара Магбуды (18-5-2, 9 КО) нокаутқа түсірді.

Фото instagram.com/mtk_kazakhstan

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или