БҚО Спорт басқармасының экс-басшысы тағы қамауға алынды

БҚО Спорт басқармасының экс-басшысы тағы қамауға алынды

БҚО Спорт бөлімінің экс-басшысы Мүслім Оңдағановты шартты түрде мерзімінен бұрын босату заңсыз саналады, ал ол тағы қамауға алынып, қалған мерзімге өтеу үшін түзеу колониясына қамалуы керек.  Мүслім Оңдағановты мерзімінен бұрын босату туралы сот шешіміне наразылық білдірген Қостанай облысы прокурорының наразылығының мәні осы болып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz Uralskweek.kz cайтына сілтеме жасап.

Прокурор наразылығын Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы қанағаттандырды. Сот ұйғарым шығарып, оған сәйкес БҚО полиция департаментіне Мүслім Оңдағановты қамауға алып, қалған жазасын өтеу үшін түзеу колониясына апару туралы нұсқау берілді. Бұл туралы 19 тамызда өткен брифинг барысында Қостанай облыстық сотының төрағасы Асланбек Мерғалиев мәлімдеді. Асланбек Мерғалиевтің айтуынша, бұған дейін, 2020 жылдың 7 шілдесінде, Қостанай қаласының №2 соты Мүслім Оңдағановты шартты түрде мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қаулы шығарған. Орал қаласының мемлекеттік сот орындаушысы Папашеваның Оңдағанов мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтегенін айтып, сотта жалған сөйлегені Оңдағановты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға негіз болған.

- Прокурорлық тексеру барысында Мүслім Оңдағанов мемлекетке 67 миллион теңге көлеміндегі шығынды өтемегені анықталды, сәйкесінше оның мерзімінен бұрын босатылуына негіз жоқ. Мемлекеттік сот орындаушысы Папашева сотты адастырды, - деді Асланбек Мерғалиев.

Еске сала кетейік, Мүслім Оңдағанов ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 12 жылға сотталды. Кейін ол бас бостандығынан айыру орындарына жеткізілгеннен кейін, Оңдағановтың адвокаттары үкімді қайта қарауға қол жеткізді, ал жаза 9,5 жылға дейін азайтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или