«Канело» келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні белгілі болды
Мексикалық боксшы Сауль Альварес супер орта салмақтағы WBC титулы үшін түркиялық Авни Йылдырыммен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
– WBC басқару кеңесі бірнеше салмақта әлем чемпионы және WBC (Franchise) белбеуінің иегері Альварес пен осы салмақта WBC титулына міндетті үміткер Йылдырым арасында жекпе-жек өткізуге дауыс берді, – делінген Бүкіләлемдік бокс кеңесінің мәлімдемесінде.
Еске салайық, WBC белбеуінің қазіргі иегері мексикалық Дэвид Бенавидес Роамеро Ангуломен болған жекпе-жекте 76,2 келі салмақ санатына сәйкес келмеген соң, чемпиондық титулынан айырылған еді.
«Канело» орта салмақтағы WBC титулына таласқысы келеді
Шеремета Головкинге қарсы жекпе-жек туралы: Жаттығуды жалғастырып, өтетін уақытын күтеміз
Коточигов Алматыда жекпе-жек өткізеді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или