Спорттық биден Қазақстан ашық кубогы аяқталды

Петропавловскіде спорттық биден Қазақстан ашық кубогы өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Спорттық биден Қазақстан ашық кубогына Петропавловск, Астана, Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Ом қалаларынан спортшылар келді. 3 пен 18 жас аралағында 300-ге жуық қатысушы бар», - деді СҚО-ның спорттық би бойынша аға бапкері Александра Еремеева.

Асқарбек Сүлейменов пен Диана Әубәкірова, сондай-ақ Вадим Маркин мен Ева Бондаренко сайыстың жеңімпаздары атанды.

Жасөспірімдер арасында Сердар Картал мен Айлин Аялп, Дани Жаукин және Анна Конопкина жұбы топ жарды.

Кубокқа жалпы саны Қазақстанның 10 қаласынан бишілер келді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или