Головкин Мексикаға ұшып барды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Марко Рубиоға қарсы кездесуде ие болған белдікті салтанатты түрде тапсыру кешіне Мексикаға келді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

wbcboxing.com сайтының ақпараты бойынша, Геннадий Головкин WBC Interim белдігін салтанатты түрде қазақстандыққа тапсыру кешіне қатысу үшін Мексикаға ұшып келді. 9 желтоқсанда Мехикода баспасөз мәслихаты өтеді. Сондай-ақ, Геннадий қаланың көрікті жерлеріне, балалар ауруханасына барады.

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин келесі кездесуін 21 ақпанда Монакода Мартин Мюррейге қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или