«Golden Boy Promotions қиындыққа тап болды. Рингке қашан оралатынымды білмеймін»
Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев АҚШ-қа әлі баруға жоспары жоқ екенін айтты.
- Руслан, келесі жекпе-жек туралы жаңалық бар ма?
- Келесі жекпе-жектен хабар жоқ. Golden Boy Promotions қазір қиындыққа тап болды. Компания Хорхе Линареске қарсы жекпе-жек ұйымдастырғысы келді, бірақ оған коронавирус диагнозы қойылды. Сондықтан, рингке қашан оралатыным әлі белгісіз.
- Сонымен, жақын арада АҚШ-қа ұшуды жоспарламайсыз ба?
- Иә. Бұған дейін мен үш ай болдым, олар маған коронавирус пандемиясы кесірінен жекпе-жек ұйымдастыра алмады. Содан кейін біз жекпе-жек туралы келісім болған кезде ғана АҚШ-қа барамын деп келістік.
Естеріңізге сала кетейік, Golden Boy Promotions-тің басты активі - Сауль Альварестің жекпе-жегі де өтпеуі мүмкін.