Жүзуден 2021 жылғы әлем кубогы кезеңінің жарыс кестесі жарияланды
<span>Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) жүзуден 2020 жылғы әлем кубогы кезеңдерінің өтпейтінін хабарлады. Сондай-ақ, 2021 жылғы кубоктық кезеңдер мерзімін жария етті. </span>
<span>2021 жылғы әлем кубогы алты кезеңнен тұрады және Токиодағы Олимпиада ойындарынан соң өткізіледі. </span>
<span> Бірінші және екінші кезең Сипгапур мен Цзинан қалаларында жоспарланған (нақты мерзімі кейін хабарланады), үшінші кезең 1-3 қазан күндері Берлинде (Германия), төртінші кезең 7-9 қазан аралығында Будапештте (Венгрия), бесінші кезең 21-23 қазанда Дохада (Катар), алтыншы әрі финалдық кезең 28-30 қазан күндері Қазан қаласында ұйымдастырылады. </span>
<span>2021 жылғы әлем кубогы кезеңдері 25 метрлік бассейнде өтеді және 25 метрлік бассейндегі әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Аталған чемпионат 2021 жылдың 13-18 желтоқсанында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді. </span>