Исламбек Қуат мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады

Исламбек Қуат мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат мансабын Түркияда жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Fotomac басылымының хабарлауынша, Исламбек Түркия Бірінші лигасында бақ сынайтын «Самсунспор» клубына ауысады. Футболшы келісімшартқа жақын арада қол қояды.

Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қуат «Динамоға» немесе «Астанаға» ауысады деген ақпарат тараған. Бірақ түрік клубы ойыншыға қаржылық жағынан тиімді ұсыныс жасаған көрінеді.

Айта кетейік, 27 жастағы ойыншы орынборлық клубқа биыл қаңтар айында ауысып барды. Оған дейін Қуат алматылық «Қайратта» доп тепті. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы РПЛ-да үш матчқа қатысты: «Крылия Советов» (1:1), «Арсенал» (1:0) және «Спартак» (1:3). Бірақ ол бұл кездесулерде нәтижелі ойынымен көзге түсе алған жоқ.

Қуат мәскеулік «Динамоға» ауыспайды

Қуаттың командасы қаржылық қиындыққа тап болды ма

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или