Асылжан Бақытжанұлы АСА рейтингінде бір сатыға жоғарылады
АСА файтерлер рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
Жартылай ауыр салмақта екі қазақстандық файтер бар. Асылжан Бақытжанұлы бесіншіден төртінші орынға көтеріліп, жағдайын жақсартты. Соңғы жекпе-жегінде ол ACA 105 турнирінде бірінші раундта испаниялық Даниэль Толедоды нокаутқа жіберген еді. Ал Евгений Егембердиев, керісінше, бір сатыға төмендеді. Қазір ол - бесінші орында. Еске салсақ, Егембердиев соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан болатын - ол ACA 107 турнирінде Насрудин Насрудиновтен жеңіліп қалған.
Жеңіл салмақта <span>Артем Резником алтыншы орында қалды. Қазақстандық қалған файтерлер өз салмағында топ-10 тізімге енген жоқ.</span>
<span>Еске салайық, Резников пен Бақытжанұлы 19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін АСА 111 турниріне қатысады. </span>