Геннадий Головкин Калифорнияда жаттығуға оралды (видео)

Геннадий Головкин Калифорнияда жаттығуға оралды (видео)

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 KO) кезекті жекпе-жекке дайындалу үшін Калифорниядағы Big Bear лагерінде жаттығуды қайта бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Big Bear лагеріне жаттығуға келгеніме қуаныштымын, бұл өте жақсы жер. Тәртіп - сәттілік кілті», - деп жазды Головкин Инстаграмдағы парақшасында өзінің жаттығуларының қысқа бейнеролигінде

Келесі жекпе-жекте 38 жастағы қазақстандық IBF-тің міндетті қарсыласы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Жекпе-жектің болжалды күні - осы жылдың қазан айы.

Фото Геннадий Головкиннің Инстаграм-парақшасынан алынды

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или