«Ордабасы» ойыншысы ресейлік клубқа ауысты
«Ордабасы» футбол клубының қорғаушысы Марат Быстров мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы шымкенттік клубтың ресми сайты хабарлады.
28 жастағы ойыншы грозныйлық «Ахмат» сапында өнер көрсетеді. Трансфердің егжей-тегжейі анық айтылған жоқ.
Айта кетейік, Быстров «Ордабасы» сапында 2019 жылдан бастап жалда ойнады. Шымкенттік клубта 31 матчқа қатысып, үш нәтижелі паспен көзге түсті. Өткен маусымның қорытындысы бойынша ол Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
<h4>Қазақстан чемпионатының жандануы тағы да кейінге қалды</h4>Сәттіліктің сүйіктісі - «Ноа». «Қайратқа» сақтану керек!
Тұңғыш рет чемпион атанған. «Астананың» қарсыласы «Динамо-Брест» қандай клуб?
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или