Уильямс карантиннен кейін алғаш рет жеңіліске ұшырады

Уильямс карантиннен кейін алғаш рет жеңіліске ұшырады

Америкалық теннисші Серена Уильямс Лексингтондағы WTA турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол ширек финалда отандасы Шелби Роджерстен жеңілді. 2 сағат 9 минутқа созылған кездесу 6:1, 4:6, 6:7 (5:7) есебімен аяқталды.

38 жастағы теннисші үшін бұл карантиннен кейінгі алғашқы жеңіліс болды.

Келесі турда Шелби швейцариялық Хиль Белен Тейхманмен кездеседі.

Айта кетейік, Лексингтон турнирі 10-16 тамыз аралығында өтеді. Оның жүлде қоры - 202 000 доллар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или