WBC жаңа салмақ санатын енгізуі мүмкін

WBC жаңа салмақ санатын енгізуі мүмкін

Бүкіләлемдік бокс одағы (WBC) жаңа салмақ санатын енгізу мүмкіндігін қарастырады. Бұл мәселе ұйымның 13 тамызда өткен құрылтайында көтерілді.

Атап айтқанда, ауыр (90,7 келіге дейін) және өте ауыр (90,7 келіден жоғары) салмақ арасында жаңа категория құру ұсынылды. Оның шегін 102 келіге дейін орнатуға болады.

WBC президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, арнайы комитет бұл мәселені қарастырады.

Сонымен қатар, жартылай ауыр және ауыр салмақ арасында жаңа категория болмайды, дегенмен бұл бөлімдер арасындағы айырмашылық қазір 10 келіден асады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или