WBC Бетербиевке қарсылас тауып берді
Кеше Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) 58-ші жыл сайынғы конгресс аясында ұйымның жартылай ауыр салмақтағы чемпионы (79,4 келіге дейін) ресейлік Артур Бетербиевке (15-0-0, 15 KO) Фаньлун Мэнмен (16-0-0, 12 KO) жекпе-жек өткізгеннен кейін, өз титулын қорғау үшін тағы бір қарсыласпен шайқасу керектігін міндеттеді.
Қарсылас ұйымның бұрынғы чемпионы және WBA-ның қазіргі «тұрақты» чемпионы, канадалық ардагер Жан Паскаль (35-6-1, 20 KO).
Еске салайық, Бетербиев WBC титулын қазан айында 10-раундта украиналық Александр Гвоздикті (17-1-0, 14 КО) жеңіп, ие болған еді. Желтоқсанда Паскаль швециялық Баду Джеканы жеңді (23-3-3, 13 KO).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или