Путинцева АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымынан әрі аса алмады

Путинцева АҚШ-тағы турнирдің екінші айналымынан әрі аса алмады

Американдық Лексингтонда WTA сериясының турнирі өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жарыстың екінші кезеңінде жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалға шығу үшін өткен матчта Юлия швейцариялық Гил Билене Тайхманнан 2:6, 2:6 есебімен ұтылды.

Еске салайық, жарыстың бірінші раундында ол Австралия өкілі Айла Томляновичті 6:0, 6:4 есебімен жеңді.

Бұл Путинцева үшін карантиннен кейінгі алғашқы турнир.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или