Қазақстан чемпионатының жандануы тағы да кейінге қалды
Prosports.kz-ке белгілі болғандай, 18 тамызда футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғаспайды.
Редакциямызға Қазақстанның Кәсіби футбол лигасы басшылығының клубтарға жіберген хаты келіп түсті:
«Өкінішке орай, біз Қазақстан чемпионатын 18 тамыздан бастап жалғастыруға рұқсат ала алмадық. Коронавирус инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, карантиндік шараларды жою жоспарының аясында спорттық іс-шаралар қызметтің бағыттарының тізіміне енгізілмеді.
Біз маусымның қайта жалғасуын және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуді жалғастырамыз. Нәтижелер туралы қосымша хабарлаймыз», - делінген хатта.
Еске салайық, футболдан 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты алғаш рет 16 сәуірде екі турдан кейін тоқтатылды. Шілде айының басында командалар үшінші турды өткізді, содан кейін маусым қайтадан тоқталды.
Чемпионат күнтізбесі үш айналымнан екі айналымға қысқарды.
Айта кетейік, әлемнің көп елдерінде футбол біріншіліктері жалғасып жатыр. Ресейде жаңа маусым басталып, бірінші тур ойындары көрермендердің қатысуымен өтті. Чемпиондар лигасының соңғы матчтары Португалияда өтіп жатыр.
Сәттіліктің сүйіктісі - «Ноа». «Қайратқа» сақтану керек!
Тұңғыш рет чемпион атанған. «Астананың» қарсыласы «Динамо-Брест» қандай клуб?