Алматы облысында үлкен теннис жақсы дамып келеді

Алматы облысында үлкен теннис жақсы дамып келеді

Қазіргі күні Жетісу өңірінде бұл спорт түрімен 900-ден аса адам тұрақты айналысады. Оның 100-ге жуығы Талдықорған қаласының тұрғындары. Дайындық өткізетін алаңдары стандартқа сай, жаттығуыда тегін.  Осыған орай теннисшілердің нәтижелері де көз қуантады. Республикалық жарыстарда жүлдесіз қалып көрмейді екен,деп жазады Prosports.kz тілшісі.

«Жетісу» теннис орталығы 2011 жылы пайдалануға берілген. Жабық кешенде 2 корд,ашық аспан астында 4 корд бар. Бұл жерде 1000-ға жуық адам осы уақыт ішінде тенниспен айналысып, оның бірқатары спорт шебері атанды.

«Жетісу» теннис орталығында қысы-жазы үлкен тенниспен айналысуға болады. Бұл кешен халықаралық талаптарға жауап береді. Қажетті жабдықтың барлығы бар. Ойын алаңында әлемде кең тараған харт төсеніші төселген. Жасөспірімдердің уайымсыз дайындалуына барлық жағдай жасалған.

Нұрбақыт Теңізбаев

Нұрбақыт Теңізбаев

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Ұлдарымыз бен қыздарымыздың барлығы тенниспен тегін айналысады. Оны жаттықтыратын бапкерлерге үкімет тарапынан қолдаулар көрсетіледі. Жарыстарға, айлық ақысы мен көмек беріледі. Облыс бойынша10-ға жуық жаттықтырушы еңбек етеді. Барлығы спорт мектептерінде тіркелген. Назарбаев зиаткерлік мектебіндегі жаттықтырушы-мұғалімдер теннистен сабақ береді. Арнайы жаттығуларды өткізіп, біздің ұл-қыздарға үйретеді».

Меруерт Кәукеева, Халықаралық санаттағы төреші

Меруерт Кәукеева, Халықаралық санаттағы төреші

 

         

Евгений Аршуков 13 жаста. «Жетісу»спорт кешенінде тенниспен айналысқанына 7жыл болған. Түрлі деңгейде өткен жарыстардан 15 медаль жеңіп алған. Оның жартысынан көбі - алтын. Жыл басында Өскемен қаласында ұйымдастырылған республикалық турнирде жеңімпаз атанды. Талдықорған қаласының тумасы болашақта әлем чемпионы атансам, дейді. 

Евгений Аршуков

Евгений Аршуков

ЕВГЕНИЙ АРШУКОВ, ТЕННИСШІ:

«Теннис маған қатты ұнайды. Бұл спорт түрінде жеңіске жету үшін ерінбей көп дайындалу керек. Сонда ғана жетістікке жету мүмкіндігі туады. Қазір жылдамдығымды арттып, техникалық шеберлігімді шыңдап жатырмын».

Әйгерім Молдыбаева -«Жетісу» теннис орталығының алғашқы түлектерінің бірі.  Қазір жаттықтырушы болып, шәкірт тәрбиелейді. Оқушылардың арасынан болашақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері шығарына кәміл сенеді. Өйткені, бұл кешеннен әлемдік аренада өтер көрсетіп, ел намысын лайықты қорғаған саңлақтар дайындалып шықты.  Әйгерімнің айтуынша, өңірде талантты балалар жетерлік. Тек оларға дұрыс бағыт бағдар беріп,тиімді бағдарлама бойынша баптаса болғаны, дейді.    

 

Әйгерім Молдыбаева

Әйгерім Молдыбаева

ӘЙГЕРІМ МОЛДЫБАЕВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

«Гүлназ Дөкей есімді қызымыз 2012 жылы спорт шебері атағын иеленген болатын. Исабаева Дана деген қызымыз бар.Халықаралық жарыстарда жүлдегер атанып жүрген өзіміздің Талдықорған қаламыздың түлегі десек де болады. Кәукеева Меруерт ол халықаралық турнирлерде төрешілік етеді».

Оқушылардың жаттығуына 4 түрлі доп пайдаланылады. Пішіні, түсі, қысымы жағынан ерекшеленеді.Мәселен,қызыл доппен 5-6 жастағы балалар айналысады. Ал, қызғылтсары доп 7-8 жастағы теннисшілердің дайындығына бекітілген. Жасыл доппен 10 жасқа дейінгілер. Ал сары доп 10 жастан асқан оқушыларға арналған.

Қызыл доп

Қызыл доп

Қызғылтсары доп

Қызғылтсары доп

Жасыл доп

Жасыл доп

Сары доп

Сары доп

Теннис бөліміне арнайы іріктеуден өткен балалар қабылданады. Жаттығуы тегін. Нәтижелері де жаман емес. Дегенмен бапкерлердің айтуынша  үздік өнерімен көзге түскен өрендердің басым бөлігі 14-15 жасқа толысымен, бәсекелестігі көп, ірі қалаларға қоныс аударады. Басты себеп - шеберлігін арттырып, тәжірибе жинау.

ӘЙГЕРІМ МОЛДЫБАЕВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

«Атырау қаласында өткен ҚР чемпионатының чемпионы Маманфина Аделина қазіргі күні жаттығуын Нұр-Сұлтан қаласында жалғастырып жатыр. Исабаева Дана деген қызымыз да қазір шетелдік мамандармен \Чехия, Өзбекстан\ бірігіп, жұмыс атқарып жатыр. Нұр-Сұлтанмен Алматы қаласында бәсекелестік жоғары».

 

Өңірлік спорт басшылығы тәжірибелі мамандарды тартып, жергілікті теннисшілермен шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жас спортшылардың ойын деңгейін өсіру мақсатында еліміздің ірі қалаларында оқу-жаттығу жиындарына қатыстыру қарастырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или