Отандық бессайысшылар халықаралық онлайн турнирде жеңіліп қалды
Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) лазерлі тапаншадан атудан әлемдегі бірінші онлайн жарыстың іріктеу сынын өткізді.
Бірінші айналымда 35 мемлекеттен 256 спортшы бақ сынады. Келесі кезеңге өту үшін спортшылар төрт серияда жеңіске жетуі тиіс. Ал ұтылған атлеттер автоматты түрде жарыстан шығады.
Өкінішке қарай, қазақстандық атлеттер Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко финалға өте алған жоқ.
Ильяшенко ауғанстандық Шабан Султаниден, Потапенко ұлыбританиялық Клементина Купреден жеңілді.
Финал 9 қыркүйекке жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или