Месси мен Дембеле командалық жаттығуға оралды

Месси мен Дембеле командалық жаттығуға оралды

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Барселона» өз алаңында «Наполиді» 3:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында команда көшбасшысы Лионель Месси кішігірім жарақат алып қалған. Дүйсенбі күні ойыншылардың бәрі демалыс алды. Бірақ Месси жаттығу алаңына келіп, қалпына келу жаттығуын өткізген.

Кейбір ақпарат құралдары осыған қарап Месси ширек финалдық кездесуге қатыса алмай қалуы мүмкін екенін болжаған. Бірақ бүгін оның жарақаты тым жеңіл екені, «Баварияға» қарсы ойынға қатысуға дайын екені белгілі болды.

Сонымен қатар, Усман Дембеле де жарақатынан жазылды. Ол да алдағы ойындарға дайын. 

梅西已经恢复正常训练

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или