Ресми: Тайсон – Рой Джонс жекпе-жегі кейінге шегерілді

Ресми: Тайсон – Рой Джонс жекпе-жегі кейінге шегерілді

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютты әлем чемпионы Майк Тайсон мен төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы кіші Рой Джонс арасындағы жекпе-жек ресми түрде кейінге шегерілді, деп жазады Prosports.kz.

Аталған жекпе-жек 12 қыркүйек күні Калифорнияда өтеді деп жоспарланған. Алайда кездесу 28 қарашаға шегеріліп отыр.

Айта кетейік, бұл кештің андеркардында екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Баду Джек (22-3-3, 13 КО) те өнер көрсетеді. Одан бөлек Youtube жұлдызы Джейк Пол мен бұрынғы NBA баскетболшысы Нейт Робинсон жекпе-жек өткізеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или