ITTF халықаралық жарыстарды өткізу ережесіне өзгеріс енгізді
Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) коронавирус індетіне байланысты жарыс өткізу хаттамасына өзгерістер енгізді.
Құжаттағы негізгі мәселелер төмендегідей:
- Ұйымдастыру комитеті маска тағу, әлеуметтік ара қашықтық пен регламентті сақтауға жауапты;
- Қатысушылардың барлығы коронавирустың жоқтығын дәлелдейтін тест көрсетуі тиіс (4 күннен аспаған);
- Спортшылар күн сайын дене қызуын өлшеп, адамдар көп жиналатын жерге бармай, қоғамдық транспортқа мінбеуі тиіс;
- Жарыс кезінде әрбір қатысушы әр күн сайын тест тапсырып, аренадағы қатал талаптарды сақтайды. Тәртіп бұзған жағдайда, жарыстан шеттетіледі.
- Ұйымдастырушыдар арена мен жаттығу залындағы және қонақүйдегі тазалыққа, соның ішінде, дезинфекция, санитайзерге жауапты;
- Жарыс кезінде допқа демалуға тыйым салынады, столдар арасында арақашықтық сақталуы керек;
- Көрермендерді барлық санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда, медициналық ұйымдармен ақылдаса келе кіргізу қажет;
- БАҚ өкілдері мен фотографтар және ресми тұлғалар мен демеушілердің кіргізу шектеледі.
- Сондай-ақ, ойыншыларға маскасыз ойнауға рұқсат етілді. Алайда, ойын аяқталған соң, масканы қайта кию керек.