Ерік Алғабек: Азия бокс конфедерациясынан хабар күтіп отырмыз
Әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері Ерік Алғабек Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, биылғы маусымның қалай жалғасатынын айтты.
<span>«Әзірге, халықаралық жарыстар туралы нақты мәлімет жоқ. Көптеген турнирлер өткізілмейтін болды. Ал қараша-желтоқсанға жоспарланған әйелдер боксынан Азия чемпионаты өтеді деген үміт бар. Бүгінде Азия бокс конфедерациясы осы сұрақты талқылап жатыр. Ұйымнан хабар күтіп отырмыз.</span>
<span>Сондай-ақ, Қазан қаласында «Достастық кубогі» өтуі тиіс. Егер турнир өз уақытында өткізілетін болса, сол бәсекеге қатыссақ деген жоспарымыз бар. Қазіргі таңда боксшы қыздар өз аймақтарында, өздерінің жеке бапкерлерімен бірге жаттығуда. Бәрін қадағалап, бақылауда ұстап отырмыз», - дейді бас бапкер. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или