Чемпиондар лигасы: 1/8 финалдың қарымта кездесулері өтеді
Бүгін, 5 тамыздан 6 тамызға қараған түні Еуропа Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі қайта жалғасады, деп жазады Prosports.kz.
Бүгін 1/8 финалдың қарымта ойындары өтеді.
Ширек финал жолдамасы үшін «Ювентус» пен «Лион», «Манчестер Сити» мен «Реал Мадрид» кездеседі. Алғашқы жұпта франциялық команда өз алаңында 1:0 есебімен жеңген. «Ювентус» келесі кезеңге өту үшін «Лионды» айқын басымдылықпен ұтуы керек. Ал «Манчестер Сити» Мадрид қаласында «Реалды» 1:2 есебімен ұтқан. Демек, бүгін олар тең ойнаса да ширек финалға шығады.
«Ювентус» - «Лион» матчын QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 0:50-де басталады.
Ал «Манчестер Сити» - «Реал Мадрид» ойынын Qazaqstan арнасы көрсетеді. Бұл ойын да сағат 0:50-де басталады.

УЕФА Чемпиондар лигасы-2019/20 маусымының 1/4 финалына жеребе тарту рәсімі өтті

ФИФА президентіне қарсы қылмыстық іс қозғалды