Футбол

ФИФА президентіне қарсы қылмыстық іс қозғалды

ФИФА президентіне қарсы қылмыстық іс қозғалды
news-banner7
mobile-news-top

Әлемдегі бас футбол органы ФИФА-ның президенті Джанни Инфантиноға қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлады.

Өткен аптада Швейцария бас прокуроры Михаэль Лаубер мен Джанни Инфантиноның арасындағы байланысты зерттеу үшін арнайы прокурор тағайындалған еді.

Сот қызметінен кеткен Михаэль Лауберді 2017 жылы жемқорлық ісі бойынша айыпталған ФИФА-ға қарсы қылмыстық істе жалған мәлімдеме берді деп таныды.

Арнайы тағайындалған прокурор Стефан Келлер күдікті Михаэль Лаубер мен Джанни Инфантино бірнеше мәрте құпия түрде кездескенін анықтап, қылмыстық істің белгілерін тапқан.

Айта кетейік, 2016 жылы ФИФА-ның бұрынғы президенті Зепп Блаттер сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталып, артынша қызметінен кеткен болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер