Пауэрлифтингтен қазақстандық атлеттер әлем чемпионатынан оралды

Алматыда АҚШ-та өткен әлем чемпионатынан оралған пауэрлифтингтен қазақстандық атлеттермен кездесу өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Әлем чемпионаты америкалық Майами қаласында өтіп, қараша айында аяқталды. Қазақстандықтар жалпыкомандалық есепте екінші орынды еншіледі.

«Былтыр біздің құрамамыз жалпыкомандалық есепте үшінші орын алған болатын, бір жылда ілгері жүргеніміз көрініп тұр. Биыл біздің атлеттеріміз алға жылжып, бірінші орынға сәл ғана жетпей қалды.

Кейбір елдер 50 спортшысын жіберсе, біздің командаға жүлде алу үшін 16 ғана адам жеткілікті болды», - деді пауэрлифтингтен Қазақстан федерациясының президенті Максим Беспаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или