«Ақжайық» «Динамо-Маякпен» тең тарқасты

Допты хоккейден оралдық «Ақжайық» командасы Ресей чемпионатының жоғары лигасында краснотурьинскілік «Динамо-Маякпен» тең түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Дмитрий Иванников шәкірттері алты ойында бір ғана жеңіске қол жеткізе алды. Свердловскілік командаға қарсы матчта оралдықтар алғашқы рет тең түсті – 4:4. Қазақстандықтар сапынан Сергей Башаев, Максим Утебалиев, Сұлтан Қадіржанов және Арыстан Қазыбаев көзге түсті.

«Ақжайық» айналымдық турнирдің 2-ші тобында 4 ұпай жинап, бесінші орында тұр. Енді желтоқсанның ортасында оралдық ұжым Вотскинск қаласының «Знамя-Удмуртия» командасын қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или