Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында ОҚО құрамасы жеңімпаз атанды

Үстел теннисінен ОҚО құрамасы жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

ҚР чемпионаты Алматыда өтті. Сайысқа 10 облыстан 13 команда қатысқан. Шымкенттік команда сапында жігіттер арасындағы еліміздің чемпионы атағына Бекұлан Жамал, Азамат Алтай, Бақытжан Тұрғын және Рақымжан Хавазматов ие болды. Бекұлан Жамал жеке сайыста екінші орын алды.

Қыздар арасында Баян Нышанова, Малика Тұрсынәлиева, Гульноза Эрматова және Малика Ильхамжанова қола медалист атанды. Олар командалық есепте үшінші орын алған болатын. Гульноза Эрматова мен Малика Ильхамжанова жеке сайыста үшінші орын алды.

Аралас сайыста Бекұлан Жамал мен Малика Ильхамжанова үздік үштікті түйіндеді.

Барлығы да теннистен ОСДЮСШОР-дың түлектері боп табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или