Жеңіл атлетика

Жеңіл атлетиканың кейбір түрлерінен Олимпиадаға іріктеу басталады

Жеңіл атлетиканың кейбір түрлерінен Олимпиадаға іріктеу басталады
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап марафон мен спорттық жүрістен Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдері қайта басталады. Бұл туралы World Athletics ресми түрде мәлімдеді деп хабарлайды Prosports.kz.

1 қыркүйектен бастап аталған спорт түрінің өкілдері Олимпиада жолдамасына таласты бастайды. Әлемдік ұйымның бұл шешімді қабылдауына қазіргі ахуал түрткі болып отыр. Спортшылар ресми жарыстардың жоқтығынан норматив орындаудың қиындығын алға тартып отыр.

«Әйгілі марафондардың басым бөлігі күзге ауыстырылып, кейбірі мүлде өтпейтін болды. Пандемияның өршуі көпшілік жарыстың тағдырын шешіп тастады. Осының бәрін ескере келе, бұл шешімді қабылдадық», - дейді World Athletics басшысы Себастьян Коэ


.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер