Американдық нокаутшы Канелоны жекпе-жекке шақырды
Екінші орта салмақтың 23 жастағы американдық боксшысы Эдгар «The Chosen One» Берланга мексикалық Сауль Альваресті рингке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткізген 14 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен жас боксшы жақын арада мексикалық жұлдызбен жұдырықтасуға дайын болатынын жеткізді.
«Мен Канелоны шексіз құрметтеймін, себебі ол әлемдегі үздік боксшы. Бірақ мен бір жарым жылдан кейін онымен кездесуге дайын боламын», - деп жазады Эдгар әлеуметтік желіде.
Бір апта бұрын Берланга Эрик Мунмен жекпе-жек өткізіп, 62 секундта қарсыласын нокаутқа жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или