Street workout-тан әлемнің үздік спортшылары бақ сынасты

1 желтоқсанда Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында нағыз спорттық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

STREET WORKOUT қозғалысының әлем бойынша үздік атлеттері осы спорт түрінен алғашқы чемпионатқа қатысты.

Жарысқа 70 астам мемлекеттің спортшылары жиналды. Қатысушылар «Сарыарқа» спорт кешенінде өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер мен шараны ұйымдастырушыларды тәнті етті, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Халықаралық төрешілердің шешімімен жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық Диас Биджиев топ жарды. Ресейлік Валерий Кищенко мен украиналық Михаил Греков екінші және үшінші орындарды бөлісті.

Қыздар бәсекесінде 13 жасар украиналық Дарья Чепига 42 рет тартылып, ең мықты спортшы атанды.

«Street workout» халықаралық ұйымының басшысы Денис Минин және аты аңызға америкалық атлет Hannibal For King әлем біріншілігіне құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Қонақтар чемпионатты өткізу деңгейіне өз бағаларын беріп, Қазақстан мен Астанаға қонақжайлылығы мен әлемдік STREET WORKOUT қозғалысын дамытқаны үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, олардың пікірінше бұл чемпионат спорттық қозғалыс тарихындағы ең тартымды болды.

kazsport.kaztrk.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или