Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегі жайлы айтты

Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегі жайлы айтты

26 шілдеде Минскіде өткен кеште қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (1-0) Венгрия өкілі Тамаш Ласканы нокаутпен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізген Нұрмағанбет Prosports.kz сайтына сұхбат беріп, алдағы жоспарлары туралы айтты.

- Бек, кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіңіз мерзімінен бұрын аяқталды. Қарсыласыңыз туралы не айта аласыз?

- Иә, Құдайға шүкір, алғашқы жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Біз бұл кездесуге жақсы дайындалдық. Қарсыласым өте тәжірибелі боксшы. Кәсіпқой рингте 40 жекпе-жек өткізген, 19 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Мансабымды осындай боксшыға қарсы бастау қауіпті болды. Бірақ жаттықтырушылар құрамы мені осы жекпе-жекке жақсы дайындады. 

- Сіз және сіздің командаңыз жекпе-жектің нәтижесіне қанағаттанаа ма?

- Көңілімізден шығады. Жаттықтырушым мен промоутердің пікірінше, дебюттік жекпе-жекте жақсы өнер көрсеттім. Титулдық жекпе-жектер әлі алда. Рингке екінші рет қашан шығатыным әзірге белгісіз.

- Титулдық жекпе-жек қашан өтеді?

- Нақты уақытты айту қиын. Бірақ промоутердің айтуынша, титулдық жекпе-жек өткізетін күн алыс емес. Өйткені, әуесқой бокста менің рейтингтік ұпайларым жақсы. Осының арқасында белбеу үшін жекпе-жекке ертерек қол жеткізетін шығармыз.

Бек Нұрмағанбет Минскідегі бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді

Бек Нұрмағанбеттің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі: кездесудің толық нұсқасы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или