Илья Ильин: «Мықты дайындалсам 255 келі зілтемірді көтере аламын»

Илья Ильин: «Мықты дайындалсам 255 келі зілтемірді көтере аламын»

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильиннің «PROCПОРТ» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

Жуырда ғана қазақстандық спортшы Алматыда өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанып, серпе көтеруден әлем рекордын жаңартты.

Салмақ дәрежесін ауыстыру жайлы

Жаңа салмаққа еш қиындықсыз ауыстым. 94-келіде жалығып кеттім, лайықты қарсыластар болмады. Парижде өткен әлем чемпионаты кезінде бапкерлеріммен кеңесіп, басқа салмаққа ауысу туралы шешім қабылдадық. Сондықтан алдын-ала дайындалып, бізді 105-келіде не күтетінін білдік. Жұлқа көтеруде біраз қиналдым, әйтсе де серпе көтеруден бәрін жақсы орындадым.

Әлем чемпионатындағы «алтыны» жайлы

Өте қиын және ауыр жеңіс. Дегенмен, ең бастысы «алтын» медальді жеңіп алдым.

Рекорды жайлы

Алдағы уақытта, егер мен мықты дайындалсам 252-255 келі зілтемірді көтере аламын. Тіпті бәрі жақсы болып жатса, 260 келі еңсеруге де болады. Себебі кеңес одағы кезіңде дәл осындай салмақтар көтерген.

Сенім туралы

Менің бұрынғы бапкерім былай деген: «Тәкәппарлықтан аулақ бол». Өзіңе сенімділік пен тым сенімділікті ажырата білу керек. Бәлкім, біреулер мені өз-өзіне тым сенімді деп ойлайтын шығар, бірақ мен бұны «чемпиондық сенім» деп атаймын. Өзгені менсінбей, тым сенімді болу –дұрыс емес.

Өзінің жас шәкірттері жайлы

Жас спортшылармен жиі жаттығамын. 2011-ші жылы мен өз командама он екі ауыр атлетті қабылдадым. Олардың арасында 94-келіде алтын алған Жасұлан Қыдырбаев та болды. Мен басқа салмаққа ауыссам да, 94-келіні Қазақстанның еншісіне қалдырдым. Сондай-ақ, бұл салмақта Седов бар. Өте тәжірибелі спортшы. Қазіргі таңда, менімен бірге 1993-95 жылы туған балалар жаттығуда. Олардан болашақта чемпион шығатынына күмәнім жоқ. Мен тек қана шеберлігіммен бөлісіп кеңес берем жастарға, алайда өзімді бапкермін деп айта аламын.

Жасұлан Қыдырбаев туралы

Жасұлан бірінші орын алады деп ойламадым. Әрине, үздік үштікке енетінін сездім. Қыдырбаев әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалды. Жыл бойы мен оны болашақтан үлкен үміт күттіретін спортшы екенін айтып жүрдім. Володя (Седов)182-келіні көтерген кезде, алтын соның қанжығасында кетті деп ойладым. Жасик мінез танытып соңғы сәтте алтынды жұлып әкетті.

Алматыда өткен әлем чепионаты жайлы

Өте керемет өтті. Біз үшін бұл үлкен жеңіс. Жалпыкомандалық есепте үшінші орын алдық. Бәрі жоғары деңгейді өтті деп ойлаймын. Көрермендер мол ләззат алған шығар...

Өзбекстандық қарсыласы Нұрұдинов туралы

Нұрұдинов ерекше спортшы. Сондықтан оның мықты өнер көрсетуіне таң қалған жоқпын. 105 келідегі бәсекелестік енді арта түспек. Менің жаңа салмағымдағы қарсыластарым өтті мықты болды.

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада жайлы

Риоға дейін салмақ дәрежесін ауыстырмаймын, 105-те қалам. Бұйыртса, Бразилиядағы Олимпиада ойындарында тура осы салмақта үш дүркін олимпиада жеңімпазы атанамын.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или