Жүкембаев келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды
Батыр Жукембаев БАҚ пен Инстаграмдағы жанкүйерлердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
- Күн сайын жақсарып, мақсаттарыңызға жетуге не көмектеседі?
Табыстың ең үлкен құпиясы - сәттілік жайлы ойламау. Сәттілік - бұл сізді жетістікке жеткізетін комбинациялық құлып емес. Сәттілік - көптеген қиыншылықтар арқылы сіздің арманыңызға апаратын жол, нәтижесінде сіз өзіңізді жеңімпаз ретінде сезінесіз. Менің отбасым мен жанкүйерлерім маған мақсаттарыма жетуге көмектеседі. Бұл мотивацияның таусылмас көзі! Сондықтан жақын адамдарыңыздың қолдауы өте маңызды!
- Болашақта қандай жоспарларыңыз бар, келесі жекпе-жегіңіз кімге қарсы және қашвн өтеді?
- Тамыздың басында мен Мәскеудегі оқу-жаттығу жиынына барамын. Ол жерде мен жеке бапкеріммен жекпе-жекке дайындаламыз. Ал қыркүйектің соңында АҚШ-та маңызды жекпе-жекті өткізуді жоспарлап отырмын. Менің промоутерім қазірдің өзінде осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Рингте кімге қарсы шығатыным әлі белгісіз, бірақ ол жоғарғы деңгейдегі қарсылас болады. Чемпиондық жекпе-жекке бірнеше қадам қалды! Мен өз деңгейімді көрсеткім келеді!