Айдос Ербосынұлы: Қарсыласқа бір раундта да есе жібермедім

Айдос Ербосынұлы: Қарсыласқа бір раундта да есе жібермедім

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық кәсіпқой боксшы германиялық Нуху Лавальға (27-7, 15 КО) қарсы жекпе-жектегі жеңісі туралы айтты.

- Айдос, жеңісіңіз құтты болсын. Рингтегі өнеріңізге көңіліңіз толды ма?

- Рақмет, өзімнің өнеріме көңілім толды. Он раунд бойы басым болдым, қарсыласқа бір раунд та берген жоқпын, екі мәрте нокдаунға жібердім. Әрине, мен жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауға тырыстым, бірақ қарсылас қиын болып шықты, оған дейін 27 жеңіске жетіп, 6 мәрте ғана ұтылған. Ол Мартин Мюрреймен тең дәрежеде бокстасты, ол өз кезегінде Головкинге қарсы 11 раунд өткізді. Жалпы, мен бұл жеңіске өте қуаныштымын, өйткені қарсылас бұрын-соңды нокаутқа түскен емес.

- Пандемия кезінде жекпе-жек өткізу және шайқасқа дайындалу қаншалықты қиын болды?

- Ия, әсіресе қарсыласты таңдау оңай болған жоқ, өйткені көптеген елдерде шекара жабық. Дайындық та қиын болды, біз мықты спарринг серіктестер таба алмадық. Ия, боксшылар үшін де, промоутерлер үшін де қиындықтар болды. Құдайға шүкір, жекпе-жекті өткізе алдық.

- Өкінішке орай, Нұрсұлтан Жаңабаев мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Сіз онымен сөйлесе алдыңыз ба?

- Иә, өкінішке орай, Нұрсұлтан жекпе-жекте есе жіберді. Бірақ жеңіс бар жерде жеңіліс те болады. Бұл ол үшін өзіндік сынақ болады. Біз онымен сөйлестік, қолдадық. Ол нағыз батыр. Сәтсіздікке ұшырауының көптеген себептері бар. Бірақ Нұрсұлтан өз жеңістерімен бізді әлі талай қуанта алады деп сенемін.

- Болашаққа қандай жоспарларыңыз бар? Жыл соңына дейін тағы қанша жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырсыз?

- Менің алдымда бір ғана міндет - әлем чемпионы болу. Біз титул үшін күресетін сәтті күтеміз. Рингке қашан оралатыным әзірге белгісіз, бірақ мен жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын.

- Соңғы уақытта біздің жас боксшылардың көбісі кәсіпқой рингке бет бұрды. Оларға қандай кеңес берер едіңіз?

- Иә, қазір біз осындай үрдісті көріп отырмыз. Бұл шынымен де қуантады. Әуесқой бокста сәтті мансап бәрі бірдей жасай алмайды. Кейде жол болмай жатады. Сондықтан кәсіпқой бокста бақ сынап көру керек. Жастарға дами түсіп, шаршамай жаттығып, әрқашан алға жылжуға кеңес беремін. 

Айта кетейік, 26 шілде күні Ербосынұлы Suleimen Promotions ұйымдастырған турнирдің негізгі кешінде Германия боксшысы Нуху Лавальмен (27-7, 15 КО) ұтты.

 

Ербосынұлы чемпиондық атақтарын сәтті қорғады

Жеңіске жеткен Айдос Ербосынұлы BoxRec рейтингінде төмен түсті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или