Англия чемпионаты аяқталды
Англия Премьер лигасының 2019/20 жылғы маусымы мәресіне жетті, деп жазады Prosports.kz.
Коронавирусқа байланысты ұзақ үзілістен кейін 18 маусымда қайта жалғасқан Англия чемпионаты 26 шілдеде аяқталды.
Өткен жылы чемпиондық атаққа бір табан ғана жетпей қалған «Ливерпуль» биыл дегеніне жетті. Мерсисайдтық команда маусым бойы еш қарсыласына мүмкіндік бермей, үздік өнер көрсеті. Жалпы 38 ойында 99 ұпай жинап, 85 гол соқты. Екінші орын алған басты қарсыласы «Манчестер Ситиден» 18 ұпай ұзап кетті.
АПЛ қорытындысына сай, Чемпиондар лигасына «Ливерпульден» бөлек «Манчестер Сити» (81 ұпай), «Манчестер Юнайтед» (66) және «Челси» (66) командалары қатысады.
«Лестер Сити» (59 ұпай) мен «Тоттенхэм» (59) Еуропа лигасының топтық кезеңіне тікелей жолдама алды.
Көш соңында қалған «Борнмунт» (34 ұпай), «Уотфорд» (34) және «Норвич» (21) төменгі лигаға түсіп қалды.
Үздік сұрмерген атағы «Лестер» шабуылшысы Джейми Вардиге бұйырды. Англиялық ойыншы осы маусымда ол 35 матчқа қатысып, 23 гол соқты.
Ең көп нәтижелі пас шығарған ойыншы атағын «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюне иеленді. Бельгиялық ойыншы биыл 20 ассистент жасады.
Үздік қақпашы - Эдерсон Мораес («Манчестер Сити»). Бразилиялық қақпашы 16 ойында өз қақпасына гол жіберген жоқ.
«Ливерпуль» бапкері ең көп айдың үздік бапкері атанды (5 рет).
Маусымның үздік ойыншсы: Джордан Хендерсон («Ливерпуль»).