Әлем футболы

«Ливерпуль» соңғы 30 жылдағы тұңғыш чемпиондығына қол жеткізді

«Ливерпуль» соңғы 30 жылдағы тұңғыш чемпиондығына қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» ресми түрде Ағылшын премьер-лигасының 2019/2020 маусымының чемпионы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Мерсисайдтық клубтың чемпиондыққа қол жеткізуіне «Челси» командасы көмектесті. Лондондықтар «Ливерпульдің» басты қуғыншысы «Ман Ситиді» 31-тур аясында өз алаңында 2:1 есебімен ұтты. Осы жеңілістен кейін Юрген Клопп командасы «Ситиден» 23 ұпайға озып кетті. Чемпионат аяқталуына 7 тур ғана қалды.

«Ливерпуль» чемпиондықты 30 жыл күтті. Соңғы мәрте бұл клуб 1990 жылы Англияда үздік атанған еді. Ал, тарихында 19 мәрте біріншіліктің алтын жүлдесін жеңіп алды. Бұл көрсеткіш бойынша еншісінде 20 чемпиондығы бар «Манчестер Юнайтед» қана «Ливерпульді» озып тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер